"Бала қауіпсіздігі басты назарда" » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ақпан
2024

"Бала қауіпсіздігі басты назарда"

"Бала қауіпсіздігі басты назарда"
Мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу және балаларға тиісті қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында мектепте «Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі және буллингтің алдын алу шаралары» тақырыбында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Іс-шараға кәмелтке толмағандардың істері жөніндегі ШҚО мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сания Тутканбаева, ШҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аксана Каленова, Өскемен қаласы полиция басқармасының Ертіс ПБ Жергілікті полиция қызметінің жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Руслан Мазбаев және педагогтар мен оқушылар қатысты.
Кездесу барысында спикерлер оқушыларға буллингтің белгілері мен буллингтік әрекеттерге тап болған жағдайда не істеу керектігін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, жиналғандарға бала құқының сақталуы және мектеп оқушыларының міндеттері мен құқығы туралы ақпараттар берілді.
Іс-шара кезінде оқушылар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алып, кәсіби мамандар тарапынан заңнама тұрғысында жауаптар алды. Кездесу қонақтар мен оқушылардың еркін пікір алмасу мен сұхбатына ұласты.
Іс-шараны ұйымдастырушы: Мектеп директорының ТІЖ орынбасары Ж.Т. Тұрсын