Информация о запрете сбора денежных средств в КГУ "Средняя школа 13" » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Информация о запрете сбора денежных средств в КГУ "Средняя школа 13"
23
сәуір
2026

Информация о запрете сбора денежных средств в КГУ "Средняя школа 13"

Ата-аналар назарына!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 орта мектебі» КММ 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын және қорытынды аттестация кезеңінде 4, 9 және 11-сынып түлектеріне қатысты төмендегі ақпаратты назарларыңызға ұсынады:
*Ақша жинауға және сыйлық беруге тыйым салынады:
Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беру және ақша жинау қатаң түрде тыйым салынады.
*Үшінші тарап ұйымдарының қызметтері:
Аниматорларды, студияларды және агенттіктерді шақыруға тыйым салынады.
*Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына арналған шаруашылық және санитарлық заттарды сатып алу үшін оқушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік колонналарын (кортеждерді) ұйымдастыруға, сондай-ақ ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, кафелерге және басқа да осыған ұқсас орындарға баруға жол берілмейді. Мектеп ішінде де, одан тыс жерде де мерекелік дастархан ұйымдастыруға және оған ақша жинауға тыйым салынады.
Қорытынды аттестация кезінде мектеп формасын сақтау қажет. Әрбір оқушы тәртіпті және жауапты болуы тиіс.
Ескерту: Бұл талаптар 4, 9 және 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей қатысты.
Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдепті сақтау және әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда аталған талаптарды қатаң сақтауларыңызды және балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз. Біздің ортақ міндетіміз – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен лайықты тәрбие беру.

Вниманию родителей!
Администрация КГУ «Средняя школа №13» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области в период проведения торжественной линейки к окончанию учебного года и итоговой аттестации в 2025-2026 учебном году доводит до Вашего сведения информацию, касающуюся выпускников 4-х, 9-х и 11 классов:
* Запрет на сборы и подарки:
В целях соблюдения педагогической этики и предотвращения коррупции строго запрещается сбор денежных средств и вручение каких-либо подарков учителям.
* Услуги сторонних организаций: Запрещается приглашение аниматоров, студий и агентств.
* Строго запрещается собирать деньги с обучающихся на покупку хозяйственно-бытовых и санитарных принадлежностей для внутренних ремонтных работ школы.
В целях обеспечения безопасности учащихся не допускается организация автоколонн (кортежей), а также посещение развлекательных центров, ресторанов, кафе и другие подобные заведения. Запрещается организация праздничных застолий и сбор средств на их проведение как внутри школы, так и за ее пределами.
Во время итоговой аттестации сохранять школьную форму. Быть дисциплинированным и ответственным - обязанность каждого ученика.
Примечание: Эти требования одинаково касаются учащихся 4, 9 и 11 классов и их родителей.
Эти ограничения введены с целью предотвращения коррупции, соблюдения педагогической этики и принципов справедливости.
Уважаемые родители! Просим строго соблюдать вышеуказанные требования и не оставаться равнодушными к безопасности ваших детей. Наша общая задача-обеспечить качественное образование и достойное воспитание подрастающего поколения.