«Созылмалы сәтсіздік жағдайындағы педагогтің жағдайын шұғыл қолдау және тұрақтандыру» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Созылмалы сәтсіздік жағдайындағы педагогтің жағдайын шұғыл қолдау және тұрақтандыру»
20
ақпан
2025

«Созылмалы сәтсіздік жағдайындағы педагогтің жағдайын шұғыл қолдау және тұрақтандыру»

2025 жылдың 19 ақпанда Өскемен қаласындағы «Өркен» ШҚО өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығында мақсатты мектептердің басшылары мен педагог-психологтарына арналған «Созылмалы сәтсіздік жағдайындағы педагогтің жағдайын шұғыл қолдау және тұрақтандыру» тақырыбында практикалық семинар өтті.
   Семинар интерактивті форматта өтіп, психоэмоционалдық жағдайды қолдауға, өзіне деген сенімділікті қалпына келтіруге және стресстік жағдайлардың алдын алуға бағытталған практикалық әдістер мен техникаларды қолдану арқылы жүргізілді.
   Семинардың басты маңыздылығы – қатысушыларға стреске төзімділік дағдыларын, түрлі стресстік жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін меңгеруге көмектесу болды.
   «Өрлеу» БАҰО КДИ ШҚО бойынша филиалының директоры Жұманова Гаухар Сайлаубекқызына осындай өзекті, уақытылы әрі қажетті семинар ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.  Практикалық семинардың спикері, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған  профессоры, психология ғылымдарының кандидаты  Юлия Евгеньевна Кукинаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Ол қатысушыларды созылмалы сәтсіздіктің ықтимал салдарларымен таныстырып, педагогтерді кәсіби қызметіндегі күрделі жағдайларда шұғыл қолдау әдістеріне, оң эмоционалдық көңіл-күйді қалпына келтіру тәсілдеріне және эмоционалдық тепе-теңдікті қалпына келтіруге ықпал ететін өзін-өзі қолдау әдістеріне үйретті.





ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы 
бойынша білім бөлімінің «№ 13 орта мектебі» 
  директоры Б.Т Абдошева
педагог- психологы И.Н Антипина