2025 жылдың 20-24 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты курсынан өттім. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылдың 20-24 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты курсынан өттім.
12
ақпан
2025

2025 жылдың 20-24 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты курсынан өттім.

2025 жылдың 20-24 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты курсынан өттім.
Курс менің кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басуыма ықпал етті, себебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша көкейімде жүрген мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру барысындағы туындаған көптеген сұрақтардың жауаптарын табуға өз септігін тигізді.
Білім алушылардың бойына кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру жолдарын, деңгейлік, функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын тапсырмаларды құрастырып үйрендім. Дәріс берген тренер - Сейтказина Рысгуль Сейтбековна өз ісінің шебері, жоғары білікті маман екенін көрсетті. Дәріс барысында теория материалдарын практикамен ұштастырды. Курстан алған ақыл - кеңес, әдістемелік және практикалық көмек оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың қыр- сырын меңгеруге игі әсер етті.
Ұсынылған дәріс барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс істеу негізінде, тіл үйренушілердің оқу сауаттылығын, тілдік дағдыларын қалыптастыру бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді, деңгейлік тапсырмаларды құрастыруды, оқу мақсаттарын дұрыс іріктеуді, белсенді стратегияларды тиімді қолдануды терең игердім.
Қорыта келе, «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру » атты курстың мазмұны мен үшін аса маңызды деп есептеймін, себебі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, білім алушылардың күнделікті өмірінде аса қажет. Олар өз ойын еркін әрі сауатты жеткізе алатын, аумалы - төкпелі заманда, өмірге тез бейімделе алатын, құзыретті, сыни тұрғыдан, шығармашылықпен ойлайтын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда функционалдық сауаттылықтың маңызы аса зор.
Аталмыш курсты ұйымдастырушыларға - «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының әкімшілігіне, курс тренері Р.С. Сейтказинаға алғысым шексіз.

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдошева Бибигуль Турсуновна.