«Әдістемелік десант»ФАО НЦПК «ӨРЛЕУ» ИПР по ВКО » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ақпан
2025

«Әдістемелік десант»ФАО НЦПК «ӨРЛЕУ» ИПР по ВКО

2025 жылдың 4 ақпанда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 орта мектебі» КММ «Өрлеу» БАҰО ШҚО КДИ филиалының аға оқытушысы Шолпан Сағындыковна Ибраимованың ұйымдастырумен «Әдістемелік десант» өтті. Әдістемелік десант жұмысына: қалалық білім бөлімінің әдіскер-менторы Капчикова Нургуль Тлеубековна, «ӨРЛЕУ» БАҰО» КДИ филиалының аға оқытушылары Курманова Жупар Сакановна, Манашева Еркежан Каирдиновна, Мамиева Мара Имашевна, Жаманкулова Айман Какеевна белсене қатысып,әдістемелік көмек көрсетті.
     Әдістемелік десанттың негізгі мақсаты – мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, біліктілікті арттыру курстарынан кейінгі кезеңде педагогтерге көмек беру, олардың кәсіби құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыруға жағдай жасау. Бұл шара «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылды.
    Десант барысында «Өрлеу» тренерлері 16 мұғалімнің сабақтарына қатысты, олардың қатарында: Скребцова Т.Б., Байжуминова С.А., Богуцкая Ж.Б., Есқат Ғ.Е., Есенбердина Р.Н., Авилхан К.А., Макадиева А.С., Ткачева Н.Н., Кеңесова А.Е., Никитенко О.А., Жаңабай А.Т., Чукаев Р.Ч., Торба О.Н., Аукштакальните-Грунэ И.Н., Фомина Е.В. Сабақтардан кейін мұғалімдерге кері байланыс беріліп, келесі бағыттар бойынша әдістемелік ұсыныстар ұсынылды:оқу мақсаттарын дұрыс қою және күтілетін нәтижелермен сәйкестендіру; оқушыларды бағалау дағдыларын жетілдіру;интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдалану;
   Қатысушылар әдістемелік десанттың жоғары деңгейде өткенін және берілген әдістемелік көмектің, ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті. Бұл ұсыныстар мұғалімдердің күнделікті жұмысында қолданылады, нәтижесінде оқу үдерісі жақсарып, оқушылардың үлгерімі артады.
    Әдістемелік десант аясында директордың орынбасарлары Дорн Н.Р. және Бугаева С.М. ұйымдастырған «Now, How, Wow!» тренингі өткізілді.
Тренингтің мақсаты – педагогтердің аналитикалық дағдыларын дамыту. Мұғалімдер алған білімдерін жүйелеп, өз кәсіби дамуын талдап, болашақтағы жұмысына бағыт-бағдар алды.
Мектептің білім сапасын арттыру және оқу ортасын жақсарту бойынша жүзеге асырып жатқан жобалары таныстырылды.
Алғашқылардың бірі болып «XXI ғасырдағы педагогикалық практикалар: сын-қатерлер мен шешімдер» жобасы ұсынылды. Жоба педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға, өз қызметін талдау мен жоспарлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ инновациялық педагогикалық практикаларды пайдалануға бағытталған. Жоба бірнеше кезеңнен тұрады: жаңашыл педагогтар қауымдастығын құру; оқытудың жаңа әдістері мен практикаларын зерттеу, әзірлеу және сынақтан өткізу; педагогикалық жобалар аукционы, жобаға қолдау ретінде ашық сабақтар береді. Осы жобаны жүзеге асыру мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін және педагогикалық шеберлігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін іске асыруға және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды. Жоба жетекшісі оқу жөніндегі директордың орынбасары Н.Р. Дорн.
«Жеке білім беру маршруттары» бұл жоба білім сапасын арттыру құралы ретінде қызмет етеді. Білім беру бағдарламаларының бір бөлігі ретінде дербестендірілген жоба әрбір оқушының жеке және академиялық өсуіне жағдай жасауға бағытталған. Ол оқушының қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, қабылдау ерекшеліктерін және дайындық деңгейін ескере отырып, жеке білім беру траекториясын әзірлеу мен іске асыруды көздейді. Мұндай тәсіл оқушыларға өздерінің күшті жақтарын дамытуға, қиындықтарды жеңуге және оқу іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Аталған жобаны бақылап жүзеге асыратын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А.Гоновичева.
 «Бірлескен серіктестік: ата-ана + мектеп = табысты оқушы» жобасы мектеп пен ата-аналар қауымдастығының тиімді өзара әрекеттестігін ұйымдастыруға бағытталған. Жобаны мектептің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары Бугаева С.М. мен Кабиева Д.С. әзірлеп, жүзеге асырып және қадағалап отырады. Бұл жоба ата-аналармен белсенді және конструктивті өзара әрекеттесу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған. 
Әдістемелік десант №13 орта мектептің білім сапасын арттырудағы маңызды қадам болды. Ол мұғалімдерге кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашып, оқыту үдерісін жақсартуға ықпал етеді.

Мектеп директоры: Абдошева Б.Т.