"Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама" тарихи оқиғасына 300 жыл » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
наурыз
2023

"Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама" тарихи оқиғасына 300 жыл


Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. Мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.