13
желтоқсан
2017
«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынын мектеп оқушысы ұйымдастырды!!!
Жыл сайын
«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны «№ 13 орта мектебі» КММ мұғалімдермен
ұйымдастырылатын. Биыл бұл ойынды 9 «Ә» сынып оқушысы Абдошева Нәйла
ұйымдастырды. Көмек берген мұғалімдер: Ақерке Зарлықханқызы және Айнұр
Жанатовна. Абдошева Нәйла 9 «Ә» сыныбының үздік оқушысы, өте жауапты, белсенді,
мектептің барлық іс-шараларына белсенді қатысып жүреді. І-тоқсанда қалалық
жобалар сайысында жүлделі орын алды. Нәйла ойынның ұйымдастырылуына аса үлкен
жауапкершілікпен қарады.
Сайыста екі
топ болды: «Болашақ» және «Барыс», топтарды 5-10 сынып оқушылары құрады. Ойын
2017 жылдың 14 қазанында сағат 13:00-де өтті. Сайыс тартысты болды. Бірінші
кезең жеңіл сұрақтар болды, сұрақтар әртүрлі тақырыпта, оқушылар үшін өте
қызықты, женген Болашақ тобы.
Екінші кезең
қағаздағы сұрақ болып, женген Барыс тобы. Үшінші кезең видео-сұрақ болып,
жеңіске жеткен Барыс тобы. Төртінші кезең қара жәшік болды (ойынның ең қызықты
сатысы) және теңбе-тең болды. Соңында жеңіске жеткен «Барыс» тобы болды. Ұпай
саны Барыс 50:40 Болашақ. Ойын өте қызықты өтті және маған ұнады.
Далабаев Нұрлан, 6 «Ә» сыныбы
