18 марта «Ұлттық киімі күні» Выставка » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
наурыз
2024

18 марта «Ұлттық киімі күні» Выставка

18 марта «Ұлттық киімі күні» / «День национальной одежды»
Выставка «Ұлттық киім күні», «Ұлттық тағамдар күні»
18 наурыз - ұлттық киім күніне орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды.
Қазақтың ұлттық киімі - қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз ұлттық киім арқылы жанындағы адамдардың мәртебесін, дәулетін, тіпті шамамен жасын да аңғара алған. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың кейбірі бұрынғы заманнан сақталып тек қана кішігірім өзгерістерге ұшыраған, ал кейбіреулері, өкінішке қарай, мүлде сақталмаған. Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп. Кең байтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де ерекшеліктер бар.
Қазақ киімдері ең алдымен мақта, жүн және киіз материалдарынан тігілген. Олардың көшпелі өмір салтына сәйкес көптеген киімдер терілерден, былғары секілді материалдардан тігіліп, оларды даладағы өмірдің қатал жағдайынан сақтауға лайықты берік киіммен қамтамасыз ететін еді.
Ұлттық киiм – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бiздi өткен ға- сырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етедi. Сол себептен де сан ғасырлық тарихы бар ұлттық киімдерімізді қастерлеп, келер ұрпаққа да жеткізе білсек екен деп ойлаймын.
Национальный костюм – неотъемлемая часть культуры любого народа. Это не просто одежда, а большая история, которая может поведать о целом народе и отдельном человеке. Беречь его необходимо так же, как традиции и обычаи своего родного народа.
18 марта в школьной библиотеке оформили книжно-иллюстратив-
ную выставку «Национальный костюм – сокровище народа», посвященной ко Дню национального костюма. Она привлекала внимание пользователей и посетителей библиотеки своей красочностью, яркостью. В рамках мероприятия библиотекарь провела обзор литературы на тему «Национальный костюм – традиция народа». Ведь именно в национальных костюмах отражается история, традиции, обычаи и быт народа, которые передаются и будут передаваться из поколения в поколение.
[media=https://youtube.com/shorts/x1VRUlURTQY]