Интернат наны. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«Средняя школа №13»
"№13 орта мектебі"
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Версия для
слабовидящих
02
февраль
2022

Интернат наны.

Интернат наны.
4 "Ә" сынып оқушылары Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» мәтінімен танысты.
Интернат наны – жүрекке жылы тиетін, нан қадірін ұғындыратын әңгіме. Шығармада соғыс жылдарынан кейінгі интернат өмірі суреттеледі. Барлық нәрсе тапшы кезеңде ашқұрсақ жүрген балалардың түсіне кіретін нанның қадірін тәтті түске тойып оянған бала білмегенде кім білуші еді. Шығармасында ас атасының қадірін интернаттағы оқиғалар арқылы түсіндірген жазушы бір тілім қара нанның сол балаларды қандай биік дәрежеге жеткізгенін көрсетеді де, нанның қадірін білуге үндейді.
Мәтін бойынша балалар қойылған сұрақтарға жауап берді:
-Мәтіннің тақырыбы не жөнінде?
-Мәтін қалай аяқталатын еді?
-Интернат деген не?
-ИНТЕРНАТ – ауылы алыстағы балалар жатып оқитын жер.
-Интернат балаларының өмірі неліктен қиын болды?
-Жаңа жыл қарсаңында балалардың түсіне ойыншық, кәмпит емес неліктен нан кіреді?