Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«Средняя школа №13»
"№13 орта мектебі"
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Версия для
слабовидящих
10
февраль
2024

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл

Бүгін 9 февраль - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 13 орта мектептің кітапханасында ақын шығармашылығына арналған әдебиет үйірмесінің отырысы өтті.

Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жандос Тұрсын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Румхан Есенбердина, кітапханашы Гүлнар Буктербаева және 9 “Ә” сыныбының оқушылары қатысты.

Отырыс барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Румхан Есенбердина оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы әңгімеледі. Библиотекашы Гүлнар Буктербаева ақынның жыр жинақтарын таныстырып, ақын шығармашылығы жөнінде викториналық сұрақтар қойды.

Директордың ТІЖ орынбасары Жандос Тұрсын оқушыларға сөз өнерінің құдіреті мен пайдасы туралы айтып, жастарды кітап оқуға, поэзияға әуестенуге шақырды.

Қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.