Рухани патриоттық тәрбие » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 13"акимата города Усть- Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«Средняя школа №13»
"№13 орта мектебі"
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 29-42-13
Есепші:
+7 (7232) 29-54-87
Версия для
слабовидящих
29
декабрь
2023

Рухани патриоттық тәрбие

Мектебімізде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың рухани-патриоттық сезімін арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Кездесуге ”Желтоқсан - 1986” ШҚО қоғамдық бірлестігінің төрағасы Маратбек Рамазанов, осы қоғамдық ұйымның мүшелері Асхат Белтаев және Еркін Абраимов қатысты.
Желтоқсан куәгерлері оқушыларға 1986-жылдың 16-17 декабрьында алаңда көзбен көрген естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында оқушылар мен педагогтар қонақтарға арнап, Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс қойып, ән айтты және рухты өлеңдер оқыды.
Кездесуді қорытындылай келе, мектеп директоры Бақытбек Есенбердин қонақтарға мазмұнды сұхбат үшін алғыс айтып, оқушы жастарды рухани-патриоттық тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

Похожие публикации:

28 ноябрь 2023 Мұражайға саяхат